Медведев: Қазақстан – жасанды мемлекет

Ресей экс-президенті Қазақстанға қатысты даулы жазба жариялады


02/08/2022
14:09 30447 0

 Ресей экс-президенті Дмитрий Медведев Қазақстан билігін орыстарға геноцид жасады деп айыптап, Кеңес одағын қайтадан қалпына келтіру жөнінде мәлімдеді. 

 

– Тоқсаныншы жылдардың басында болған қателіктің түзетілетініне ешкімнің күмәні болмауы тиіс. Ешқандай тәуелсіздік парады болмайды. Бұрын қуатты Кеңес Одағының аумағында тұрған барлық халық бірге тату-тәтті өмір сүретін болады, – деп жазды Медведев өзінің «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі парақшасына. 

 

Бұдан бөлек, Дмитрий Медведев Қазақстанға шүйлікті. Ол қазақ билігін орыстарға геноцид жасап жатыр деп айыптап, Қазақстан жасанды мемлекет деп атады. 

 

– ХVII ғасырда орыстар Солтүстік Қазақстанның жабайы даласын алғаш рет игерді. Үш ғасыр бойы бұл аймақта орыстардың отарлау процесі жүрді.Сібір темір жолының ашылуы мен Столыпин аграрлық реформасы оның негізгі қозғаушы күші болды. Кеңес одағы құлағанға дейін Солтүстік Қазақстан халқының 62,5% славяндар болды. Қазақстан – жасанды мемлекет, бұрынғы орыс территориясы. Гурьев, Семей, тіпті Алматы 1924 жылға дейін Верный деп аталды. Қазіргі уақытта Қазақстан билігі республика ішінде әртүрлі этникалық топтарды көшіру бастамасын жүзеге асыруда. Бұны орыстарға жасалған геноцид деп бағалауға болады. Біз бұған көз жұма қарамаймыз. Ол жерге орыстар келмейінше тәртіп болмайды, – деп жазды Медведев. 

 

Дмитрий Медведевтің жазбасы кейіннен өшірілді. Бірақ оны журналистер скриншот жасап үлгерген. Әзірге Медведевтің өзі немесе ресми өкілдері аталмыш жазбаға байланысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. 

 

Айта кеткетін бір жайт, жазба жарияланған парақшаға Дмитрий Медведевтің ресми парақшасы статусы берілген. Ешқандай фейк парақша емес. 

Поделиться

Нет комментариев.

02/08/2022 14:09
30447 0

Уведомление